Түркияға келетін жолаушыларға жаңа ереже

12 жастан кіші балалардан Түркияға кіргенде PCR/ антидене тест анықтамасы және вакцина сертификаты сұралмайды.

1701984
Түркияға келетін жолаушыларға жаңа ереже

Түркия Бангладеш, Үндістан және Пәкістаннан келген жолаушылардан PCR анықтамасының қорытындысын талап етеді.

Ішкі істер министрлігі коронавирус эпидемиясының жаңа түрлерінің елде тарауының алдын алу мақсатымен жаңа ереше жариялады.  Бангладеш,Үндістан және Пәкістаннан келген азаматтардан елге кірместен 72 сағат бұрын жасалған және қорытындысы негатив сынақ анықтамасын көрсетуі талап етіледі. Осы елдерден тікелей келгендер мен соңғы 14 күнде осы елде болғандардан кемінде екі доза вакцина салғандарын және соңғы дозадан 14 күн өткенін көрсететін құжаты барларға карантин жүргізілмейді.

Қазір тоқтатылған Бразилия, Оңтүстік Африка, Непал және Шри – Ланка рейстеріне байланысты жағдай жаңа шешімге дейін жалғасады. Осы елдерден Түркияға тікелей келуге рұқсат берілмейді.

Басқа елден келген, бірақ соңғы 14 күнде Бразилия, Оңтүстік Африка, Непал және Шри-Ланкада болған азаматтардан да тест қорытындысы сұралады. Осы кісілер қалалық әкімдіктер көрсететін орында 14 күн бойы карантинде болады. Карантиннің соңғы күні тест жасалып, негатив шықса еркін жіберіледі.

Біріккен Корольдық, Иран, Мысыр және Сингапурдан келген кісілерден де негатив қорытындысы бар анықтама талап етіледі.

12 жастан кіші балалардан Түркияға кіргенде PCR/ антидене тест анықтамасы және вакцина сертификаты сұралмайды.

Сыртқы саудаға болымсыз әсері тимеуі үшін кеме, ұшақ экипажы, фуга жүргізушілерінен тест анықтамасы сұралмайды.



Ұқсас жаңалықтар