Жоғарғы сот ғимараты ашылды

Ердоған: "Жоғарғы Сот ғимаратының еліміз бен сотымызға қайырлы болуын тілеймін" деді.

1701016
Жоғарғы сот ғимараты ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желіден тұсауы кесілген Жоғарғы Сот ғимаратының хабарын бөлісті.

Ердоған:

"Жоғарғы Сот ғимаратының еліміз бен сотымызға қайырлы болуын тілеймін. Әділет ұйымымыздың жаңа әділет жылы еліміз, ұлтымыз, сот пен прокурорларымыз, адвокаттарымыз және барлық сот саласына қайырлы болсын!" деді.

Ердоған сөзінің жалғасында:

"2018 жылы 6 наурызда іргесі қаланған жаңа қызмет ғимараты 422 мың 465 текше метр алаңға салынды. Ғимаратта 24 директор бөлмесі, 309 мүше бөлмесі, 48 техникалық сот бөлмесі, 744 бақылаушы сот бөлмесі, 48 кеңесу залы, 36 сот отырысы залы, 40 жиналыс залы, 133 мұрағат бөлмесі бар. Сот мекенінде 20 клиника, бір зертхана, 92 кісілік кітапхана, жалпы 1361 кісілік 3 асхана және 1567 көлік үшін  автотұрақ бар" деп баяндады. 



Ұқсас жаңалықтар