Бүгін Жеңіс мерекесінің 99 жылдығы

Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесінің құттықтау рәсіміне қатысты.

1699457
Бүгін Жеңіс мерекесінің 99 жылдығы

30 тамыз Жеңіс мерекесі.

Азаттық күресінің соңғы сатысы 1922 жылы 30 тамыз күнгі Бас қолбасшылық майдан шайқасы болды.  Осы жеңіс тәуелсіз Түркия Республикасының құрылуына мүмкіндік берді. 

Жеңіс Мерекесінің 99 жылдығы ел көлемінде рәсіммен тойланады. Мерекелік іс-шаралар алдымен әрқашан болғандай Ататүріктің ескерткіші Аныткабирде болды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған және мемлекет қайраткерлері Аныткабирде ұйымдастырылған рәсімге қатысты. Партия лидерлері, министрлер, қарулы күштері қолбасшылары және депутаттар да Анаткабирде болды. 

Президент Ердоған Аныткабир естелік дәптеріне былай деп жазды: «Әзіз Ататүрік, бүгін үлкен Жеңіс Мерекесінің  99 жылдығында Республикамыздың құрушысы ретінде сізді тағы бір рет құрметпен еске аламыз.Түркияны сіз көрсетіп берген жолмен ілгерілетудеміз. Қорғаныс өнеркәсібінде басқан қадамдар арқылы ұлтымыздың көз қарашығы болған Түрік Қарулы Күштерінің құдіретін ар салада арттырудамыз. Демократия, әділет, құқық және еркіндік саласында жасаған реформалармен республикаға деген тәуелдігімізді ұсынамыз. Бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен жылжып келеміз. Рухың шат болсын».

Аныткабирдегі рәсімнен кейін Президенттік сарайңа барған Ердоған 30 тамыз Жеңіс мерекесі құттықтауларды қабылдады. 

Стамбұлда болса 30 тамыз Жеңіс мерекесінің 99 жылдығына орай Таксим алаңындағы Республика Ескерткіші алдында рәсім ұйымдастырылды. 

 



Ұқсас жаңалықтар