Ердоған "Кабулдағы лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған "Кеше Ауғанстанның астанасы Кабулда болған лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз" деді.

1698308
Ердоған "Кабулдағы лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз" деді

Президент Режеп Тайып Ердоған Босния және Герцоговина сапары қарсаңында Стамбұл Ататүрік әужайында ұйымдастырылған баспасөз жиналысында мәлімдеме жасады. 

Президент Ердоған Кабулдағы лаңкестік шабуылдарға байланысты" Кеше Кабулда болған опасыз лаңкестік шабуылды қатал түрде айыптаймыз. ДАИШ-тің мұндай бір қиын кезеңде опасыздық жасауы аймаққа және әлемге өзінің  қандай қауіпті бір ұйым екенін көрсетті" деген сөздер қолданды.

Ердоған Ауғанстанда міндет атқарған Түрік Қарулы Күштері әскерлерінің елге орала бастағанын білдіріп, "Эвакуациялау жұмыстарын қысқа мерзім ішінде тамамдаймыз" деді. 

Президент Ердоған Талибанмен кездесу тақырыбында да "Біздің кіммен, қашан және қалай кездесуіміз үшін ешкімнен рұқсат алмаймыз" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар