Түркия Ауғанстаннан 1404 адамды әкелді

Мевлүт Чавушоғлу мен Уругвай Сыртқы істер министрі Франциско Бустилл астана Анкарада ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

1696425
Түркия Ауғанстаннан 1404 адамды әкелді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу:

"Бүгінге дейін Ауғанстаннан мың 404 адамды елге әкелдік. Бұлардың 1061-і азаматымыз, қалғаны өзге елдің азаматтары. Енді қайтқысы келетін 200 мөлшерінде азаматымыз бар" деді.

Мевлүт Чавушоғлу мен Уругвай Сыртқы істер министрі Франциско Бустилл астана Анкарада ортақ баспасөз жиналысын өткізді.

Мевлүт Чавушоғлу жиналыстағы сөзінде:

"Бүгінге дейін Ауғанстаннан мың 404 адамды елге әкелдік. Бұлардың 1061-і азаматымыз, қалғаны өзге елдің азаматтары. 4 мың 500 мөлшерінде азаматымыз бар, олармен жеке-жеке сөйлестік. Бір бөлімі қайтқысы келмегенін айтты. Кейбіреулер шешімін өзгертуде. Қажетті ескертулерді жасадық. Қайтқысы келетін 200 мөлшерінде азаматымыз бар" деп көрсетті.

Мевлүт Чавушоғлу ағылшын баспасөзінің "Пәкістан мен Түркияда босқындар орталығы құрылады" деген қауесетіне наразылық көрсетіп:

"Бұл хабар жалған. Бұл хабардағы сөздер Ұлыбритания Қорғаныс министрлігі тарапынан айтылмаған. BBC қатесін түсініп, Твит  мәлімдемесін өшірді" деді.



Ұқсас жаңалықтар