Ирактың солтүстігінде террор ұйымына үлкен соққы

Ұлттық қорғаныс министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1696303
Ирактың солтүстігінде террор ұйымына үлкен соққы

Ирактың солтүстігіндегі Асос аймағында террористтерге тиесілі екені анықталған 28 нысана әуе операциясымен жойылды. 

Ұлттық қорғаныс министрлігінің Ұлттық барлау ұйымымен бірлескен барлау жұмысы нәтижесінде Ирактың солтүстігінде шекарадан 200 шақырым қашықтықта орналасқан Асос аймағының кейбір жерлерінің террористтер тарапынан қолданылғаны анықталды. 

Нысандарға бағыттап 20-дан астам әскери ұшақтың қатысуымен ұйымдастырылған әуе операциясы нәтижесінде террористтерге тиесілі баспаналар, оқ-дәрі қоймалары, штаб орындар мен үңгірлерден тұратын 28 нысана жойылды. 

Әсіресе отандық және ұлттық оқ-дәрілер қолданылған әуе операциясымен террор ұйымының аймақтағы болмысына ауыр соққы берілді. 



Ұқсас жаңалықтар