Украина Түркияға риза

Украина Қырым татарларының құқықтарын қорғауға бақытталған талпыныстарына орай Түркияға риза екенін білдірді.

1695779
Украина Түркияға риза

Украинаның Түркиядағы уақытша сенімді өкілі Наталия Лопатина мемлекетінің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бір мақала жазды. Лопатина мақаласында Украина Парламентінің 1991 жылы 24 тамызда "Тәуелсіз хаттама заңын" қабылдағанын еске салды. 

Лопатина Ресейдің 2014 жылы барлық халықаралық құқыққа қайшы түрде Украинаның бір бөлшегі болған Қырымды жаулап алғанын білдіріп, бұның Украина және Қырым үшін көптеген болымсыздыққа апарып соққанына назар аударды. 

Лопатина мақаласында бүгін астана Киевте ұйымдастырылған Қырым Платформа саммитіне тоқталып, "Осы маңызды жиналысқа 44 елден және халықаралық ұйымдардан делегациялар қатысуда. Түркия атынан сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу және Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Ахмет Йылдыз бен Мехмет Алтай қатысты. Қырым татарларының құқықтарын қорғауға бақытталған талпыныстарына орай Түркияға қатты ризамыз" деді.  



Ұқсас жаңалықтар