Түркия Украинаның территория тұтастығын қолдайды

Чавушоғлу "Қырымның басып алынуын ешқашан танымадық және танымайтынымызды айтып келеміз" деді.

1695701
Түркия Украинаның территория тұтастығын қолдайды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Украинаға барды. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Украинаның территория тұтастығын қолдайтынын білдіріп, "Қырымның басып алынуын ешқашан танымадық және танымайтынымызды айтып келеміз" деді. 

Чавушоғлу Украинадағы Қырым платформа саммиті қарсаңында мәлімдеме жасады. 

Саммитке Түркияның Украинаның территория тұтастығына қолдау көрсету және Қырым татарларының құқықтарына көңіл бөлгенін білдіру үшін қатысқанын баяндаған Чавушоғлу "Қырымның басып алынуын ешқашан танымадық және танымайтынымызды айтып келеміз. Тек айтумен ғана болмайды. Қырым және Украинаның территория тұтастығына қолдау көрсеткен басқа дос елдермен бірге бұл тақырыпты күн тәртіпке әкелудеміз. Қолдауымызды қайталаудамыз" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу платформаның Қырым және Қырым татарларының құқықтарын және Украина территория тұтастығының қорғалу тақырыбында маңызды рөл ойнайтынына сенгенін түсіндірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар