Кабулдан Түркияға 229 түрік азаматы эвакуацияланды
Ауғанстандағы түрік азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.
1695456
Ауғанстанның бас қаласы Кабулдан Түркияға қайтуға өтініш білдірген түрік азаматтарының тағы 229-ы түнде Түрік әуе күштеріне тиесілі әскери ұшақпен эвакуацияланды.
Кабулдағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайының қауіпсіз аймағында күткен тағы 229 түрік азаматы «ұшатын қамал» деп аталатын A400 M әскери ұшағымен елге жеткізілді.