Түркия мен Ирак арасында келісімге қол қойылды

Келісім екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық істерін қамтиды.

1694944
Түркия мен Ирак арасында келісімге қол қойылды

Түркия мен Ирак арасында Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісіміне қол қойылды.

Келісімге ТР Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы басшысы Исмаил Демир мен Ирак Әскери өнеркәсіп кеңесінің төрағасы Мұхаммед Сахеб әл Даражи қол қойды. Келісім екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі саласында жүзеге асырылатын өзара ынтымақтастық істерін қамтиды.

Келісім шеңберінде тараптардың қауіпсіздік мекемелеріне қажетті барлық қорғаныс өнеркәсібі өнімі мен қызметінің жеткізілуі, жетілдірілуі, өндірілуі, үшінші тараптарға сатылуы, платформалардың күтімі, модернизациясы, технология трансфері қамдалады.

 Жүйелі түрде өтетін «Қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастық жиналыстары» мен осы жиналыстарда анықталатын серіктестік тақырыптарын бақылайтын техникалық топ өкілдерінің кездесулері де осы келісім шеңберінде атқарылады.

 



Ұқсас жаңалықтар