Түрік азаматтардың Ауғанстаннан эвакуациясы жалғасуда

200-дан астам кісі Түркияға жеткізілді.

1693740
Түрік азаматтардың Ауғанстаннан эвакуациясы жалғасуда

Ауғанстандағы 200-дан астам кісі Түркияға жеткізілді.

ТалибанКабулды басып алғаннан кейін осы елдегі түрік азаматтарының эвакуациясы жалғасып жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен эвакуация рейстері Кабулдағы Хамид Карзай әуежайынан Түрік Әуе күштерінің әскери ұшағымен жүзеге асырылуда. Кеше осы әуежайдан алынған жолаушылар алдымен Пәкістандағы Исламабад әуежайына жеткізілді.

Артынан 273 жолаушы Стамбулдан барған Түрік Әуе жолдарының ұшағына отырғызылды. Түрік авиакомпаниясының ұшағы таңғы уақытта Стамбулға келіп жетті. Жолаушылар алдымен коронавирус тестін тапсырды. Түрік жолаушылар өздері білдіретін адресте,  шетелдік азаматтар болса қонақүйде он күн карантинде болады.



Ұқсас жаңалықтар