"БАӘ Түркияға инвестиция салуға дайындалады"

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Түркияға инвестиция салуға дайындалғанын мәлімдеді.

1693642
"БАӘ Түркияға инвестиция салуға дайындалады"

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Түркияға инвестиция салуға дайындалғанын мәлімдеді.

Ердоған бас қала Анкарада БАӘ Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Шейх Тахнун ибн-Заид Әл-Нахаянды қабылдады.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, қабылдау барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен аймақтық мәселелер талқыланды. Әңгіме барысында БАӘ-нің Түркияға инвестициялары күн тәртіпке келді.

Ердоған кейін бір телеарнада қатысқан бағдарламада «Өте маңызды инвестициялық мақсаттары мен инвестициялық жоспарлары бар. Біріккен Араб Әмірліктері жақын арада біздің елге елеулі инвестиция салады деп ойлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар