Қаратеңіздегі селде 44 кісі қаза тапты

Қаратеңізде болған сел апаты себепті Кастамонуда 36, Синопта 7 және Бартында 1 кісінің  қаза тапқаны хабарланды.

1690894
Қаратеңіздегі селде 44 кісі қаза тапты

Кастамону, Синоп пен Бартын уәлаяттарындағы сел апатында қаза тапқандар саны 44 кісіге көбейді.

Апат және төтенше жағдайлар  басқармасынан жасалған мәлімдемеде сел апаты себепті Кастамонуда 36, Синопта 7 және Бартында 1  кісінің  қаза тапқаны хабарланды.

Президенттік сарайдың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде апаттан кейін барлық қатысты ұйымдардың қызметкер мен көлік қолдауын бергенін, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын білдіріді.

Бартында жоғалған бір кісінің ізделіп жатқаны, 10 жаралының ауруханада емделгені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар