Ердоған апат аймағынан мәлімдеме жасады

Президент Ердоған Кастамону, Бартын және Синопта селге ұшыраған жерлерді "Апат аймағы" деп жариялады.

1690799
Ердоған апат аймағынан мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Кастамону, Бартын және Синопта селге ұшыраған жерлердің "Апат аймағы" деп жарияланғанын хабарлады.

11 тамызда Кастамону, Синоп және  Бартынды қамтыған Қаратеңіз аймағында нөсерлі жаңбыр себепті сел мен топырақ көшкіні болды.  Президент Режеп Тайып Ердоған Кастамонуның Бозкурт ауданына барды.  

Ердоған аймақта зардап шеккен халыққа үн қатып, барлық жағдайдың қысқа мерзімде жасалатынын айтты. 

Президент "Алла бұйырса осы апатты жеңеміз. Мемлекет барлық мүмкіндіктерді қолданады. Бұл мемлекет ешқашан құлаған жоқ. Құламайды да. Зардап шеккендердің жағдайын қысқа уақыт ішінде жасаймыз" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған жұма намазынан кейінгі сөзінде аймақта 4 мың 760 қызметкер, 19 тікұшақ, 1 адамсыз әуе көлінгі, 66 жедел жәрдем көлігі, 41 Ұлттық медициналық құтқару тобы, 630 қызмет көлігі, 437 жұмыс машинасы және көптеген көліктің  жұмыстанып жатқанын айтты.

Жолдар мен көпірлердің зақымдалуы себепті қатынас үзілген жерлерде қосымша жолдар жөніндегі жұмыстар жасалғанын айтқан Ердоған:

"Несие қолдауынан салықты кешіктіруге дейінгі барлық шұғыл шараларды қолданудамыз" деді.

Ердоған Кастамону, Бартын және Синопта селге ұшыраған жерлерді "Апат аймағы" деп жариялады.

Ердоған:

"Қаза тапқандар қайтып келмейді, алайда еліміз басқа шығынның барлығын қамдайтын күшке, мүмкіндікке, бекімге ие. Құлаған ғимараттың жаңасы салынады, өртенген жерлерге ағаш егеміз, күйреген жерлерді жаңалау арқылы жолымызды жалғастырамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар