"Түркия - ешкімнің күту бөлмесі емес"

Фахреттин Алтун Bloomberg каналына мәлімдеме жасады.

1685578
"Түркия - ешкімнің күту бөлмесі емес"

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Америка Құрама Штаттарының кейбір ауғандардың Түркия секілді үшінші елдер арқылы АҚШ-қа көш үшін өтінім бере алатыны туралы мәлімдемеге: «Түркия ешкімнің күту бөлмесі емес. Болмайды да» деп жауап берді.

Фахреттин Алтун Bloomberg каналына мәлімдеме жасады. «Түркия – ешкімнің күту бөлмесі емес. Болмайды да.  Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігінің АҚШ тарапынан қаржыландырылған жобаларда істеген кейбір ауған азаматтарына үшінші елдерге барып, АҚШ-тан баспана талап етуі шақыруына алаңдаймыз» деді ол. Алтун «Аймақтағы шарттар мен Түркияның 4 миллионнан астам босқынға неше жылдан бері пана болып отырғанын ойлап қарасақ, осындай заңсыз көшті ынталандыратын шақырудың қабылданбайтынын» білдірді. «Шекара қауіпсіздігін қорғау үшін бар күшімізбен жұмыстануды жалғастырамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар