Ердоған орман өрті жайлы тергеу жасалғанын айтты

Ердоған: "Өрт сөндіру үшін бүгін 5-6 ұшақ қызметке берілді. Ресейден, Украинадан алған ұшақтар бар. Әзербайжан да бір ұшақ жолдайды" деді.

1682921
Ердоған орман өрті жайлы тергеу жасалғанын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда болып жатқан орман өртіне байланысты тергеудің жалғасқанын айтты.

Стамбулда жұма намазынан кейін мәлімдеме жасаған Ердоған:

"Еліміздің түрліше аймақтарында бір уақытта шыққан өрт жайлы тергеу тығыз жалғасуда. Қастандық мүмкіндігі бар-жоқтығы анықталуда" деді.

Өрт сөндіру үшін барлық мүмкіндіктер жасалғанын айтқан Ердоған:

"Бүгін 5-6 ұшақ қызметке берілді. Ресейден, Украинадан алған ұшақтар бар. Әзербайжан да бір ұшақ жолдайды. Адамсыз әуе көліктеріміз аймақ жағдайын зерттеуде. 1140 орында орман өртімен күрес жасалуда. 28-30 шілдеде 71 орман өрті шықты. 57 өрт сөндірілді. 14 орман өртін сөндіру үшін жұмыстар жалғасуда" деді. 

Өртте қалған азаматтарға жәрдем берілетінін айтқан Ердоған:

"Коронавирусқа байланысты бүгінге дейін 72 миллион компонент вакцина егілді" деді.

Ердоған вирусқа қарсы барлық шараларды жасағандарын және қалыпқа түсуді жылдамдатуға талпынғандарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар