"Түркали-2"-де алғашқы ұңғыма ағыны сынағы аяқталды

Сакария табиғи газ кен орнындағы «Түркали-2» анықтау ұңғымасында алғашқы ұңғыма ағыны сынағы сәтті аяқталды.

1682188
"Түркали-2"-де алғашқы ұңғыма ағыны сынағы аяқталды

Түрік Мұнайлары корпорациясы (TPAO) жасаған мәлімдемеге қарағанда Қаратеңіздің батыс аймағындағы Сакария табиғи газ кен орнындағы «ультра терең теңізде» орналасқан «Түркали-2» барлау ұңғымасында алғашқы ұңғыма ағыны сынағы сәтті өтті. 

Сынақтан өткен бірінші қабат тереңдіктен тәулігіне 0,75 миллион текше метр табиғи газ ағыны қамтамасыз етілсе, талдау нәтижелері резервуардың тәуліктігіне 1,2 миллион текше метр өндіру қуаты бар екенін көрсетеді. Пайдалануға берілмей тұрғанда  ұңғымада тағы екі бөлек сатыда сынақ жүргізілмек. 

Филйос қаласында құрылатын табиғи газды өңдеу қондырғысына алғаш табиғи газдың 2023 жылы қосылуы жоспарлануда. 

«Түркали-2»-де 2 мың 154 метр су тереңдігі мен 3 мың 950 метр соңғы тереңдігінде бұрғылау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма ағынының сынақтары TPAO инвентарына 2020 жылы қосылған «Кануни» бұрғылау кемесі тарапынан жүргізілуде. 



Ұқсас жаңалықтар