Түркия Еуроодақтың Мараш мәлімдемесін айыптады

Түркия жабық Мараш аймағына қатысты Еуроодақ атынан жасалған мәлімдемені айыптағанын білдірді.

1681350
Түркия Еуроодақтың Мараш мәлімдемесін айыптады

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Танжу Билгич тақырыппен байланысты қойылған бір сұраққа жазбаша жауап қайтарды.

Билгич Кипр түрік халқын елемейтін, шындықтан алыстаған және тек Кипр понти тарапының көзқарастарын тілге тиек ететін осы және ұқсас мәлімдемелердің Түркия үшін құндылығы мен үкімі жоқ екенін баса айтты.

Мүшелік ынтымақтастығы мен вето уайымы сылтауларымен ортаға қойылған ЕО-ның  бұл біржақты ұстанымының кез-келген мәселені шешуге үлес қосуы мүмкін еместігін атап көрсеткен Билгич ЕО атынан Марашқа қатысты жасалған мәлімдемені айыптағандарын мәлімдеді.

Билгич Түркияның Кипр мәселесінің шешімі мен Мараш бастамасы тақырыбында Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) мекемелерінің ұсыныстары мен қабылдаған шешімдерге толық қолдауын баса айтып, «Мараш бастамасы СКТР үкіметі қабылдаған бір шешім. ЕО 2004 жылы Аннан жоспарынан кейін Кипр түрік халқына берген уәделерін орындап, СКТР-мен байланыс құруды үйренуі керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар