388 босқын құтқарылды

Құтқарылған жалпы саны 388 босқын тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

1680634
388 босқын құтқарылды

Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 388 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары 17-20 шілде аралығында Измирдің Дикили су айдынында Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 78 босқынды құтқарды.

18-21 шілде аралығында Сеферихисар су айдынында Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 217 босқынды Қауіпсіздік топтары  қайықпен жағаға шығарды.  

27 шілде күні де Фоча ауданы маңында кері қайтарылған 26 босқын құтқарылды. Чешме ауданы су айданында жәрдем сұраған 67 шетелдік жағаға шығарылды. 

Құтқарылған жалпы саны 388 босқын тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

 



Ұқсас жаңалықтар