12 террорист залалсыздандырылды

Хулуси Акар: "2015 жылы 24 шілдеден бері 18 мың 292 террорист залалсыздандырылды" деді.

1680544
12 террорист залалсыздандырылды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияда "Евфрат қалканы" операциясы аймағында шейіт болған екі әскердің өші алынғанын, 12 террористің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Министр Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Құрлық Күштері қолбасшысы генерал Үміт Дүндармен бірге Сирияның солтүстігіндегі  жасақтардың тасымал және әкімшілік шекара желісінде бақылау мен зерттеу жүргізді.

Шекара сыртындағы жасақтардың қолбасшыларымен кездескен және майдандағы жағдайды ұғысқан Акар бұйрықтар берді.

Террористердің "Евфрат қалканы" операциясы аймағында екі әскерді шейіт еткенін ескерткен Акар:

"Шәйіттеріміздің қанын босқа ағызбаймыз, операция жасадық, қазірге дейін 12 террорист залалсыздандырылды. Бұл  сан алдағы кезде артады" деді.

Хулуси Акар:

"2015 жылы 24 шілдеден бері 18 мың 292 террорист залалсыздандырылды. Биыл Ирактың солтүстігінде 1581 террорист залалсыздандырылды. Соңғы террорист жойылғанға дейін күресті жалғастырамыз" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар