"Тунисте демократиялық кезеңнің тоқтатылуын қабылдамаймыз"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Тунистегі соңғы оқиғаларды айыптады.

1680318
"Тунисте демократиялық кезеңнің тоқтатылуын қабылдамаймыз"

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Тунисте демократиялық кезеңнің тоқтатылғанын білдіріп, «Конституциялық заңдылық пен қоғамдық қолдауы жоқ бастамаларды айыптаймыз» деді.

Ибрахим Калын жеке әлеуметтік медиа аккаунтынан жасаған хабарламасында Тунисте президент Кайс Саидтің Мәжілістің жұмыстарын тоқтату және премьер-министрді қызметінен босату туралы шешімін бағалады.

Ибрахим Калын «Дос және бауырлас Тунисте демократиялық кезеңнің тоқтатылуы мен халықтың демократиялық еркінің еленбеуін қабылдамаймыз. Конституциялық заңдылық пен халық қолдауы жоқ бастамаларды айыптаймыз. Тунис демократиясының бұл кезеңнен күшейіп шығатынына сенеміз» деді.

Кеше Тунис президенті Кайс Саид парламенттің барлық өкілеттіктерін «30 күнге» дейін тоқтатылғанын және депутаттардың қолсұғылмау құқығының тоқтатқанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар