Су тасқынынан зардап шеккен жерлер апат аймағы болып жарияланады

Президент Ердоған Твиттердегі аккаунтынан соңғы су тасқынымен байланысты мәлімдеме жасады.

1680495
Су тасқынынан зардап шеккен жерлер апат аймағы болып жарияланады

Президент Режеп Тайып Ердоған Дүздже, Ризе және Артвиннің су тасқынынан зардап шеккен аудан мен ауылдарының апат аймағы болып жарияланатынын мәлімдеді.

Ризе, Артвин және Дүздже қалаларында су тасқыны апаты салдарынан болған қираңдыларды жою және қалпына келтіру үшін қажетті барлық шараларды жалғастыра беретіндерін білдірген Ердоған су тасқынынан зардап шеккен 3 провинцияның аудандары мен ауылдарының апат аймағы деп жарияланатынын мәлімдеді.

Ердоған апат аймағы деп жарияланған жерлерде салық, Әлеуметтік сақтандыру төлемдері және кәсіпкерлердің несие қарыздарының кейінге қалдырылатынын, кәсіпорындар мен зиян келген көліктердің шығынына қолдау көрсетілетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар