Алтун Тунистегі оқиға жайлы мәлімдеме жасады

Фахреттин Алтун Тунисте болған соңғы оқиға жайлы мәлімдеме жасады.

1680309
Алтун Тунистегі оқиға жайлы мәлімдеме жасады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Тунисте болған соңғы оқиға жайлы мәлімдеме жасады. Фахреттин Алтун Түркияның мемлекеттік таралым органдары Түркия Радио Теледидар Мекемесі TRT мен Анадолы агенттігінің Тунисте болған оқиғаларды бірінші болып әлемге хабарлағанын білдіріп, дұрыс және сенімді жаңалықтардың  TRT World және Анадолы агенттігінің сайттарынан көруге болатынын айтты. 

Фахреттин Алтун твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Түркия Республикасының әрқашан және әр жерде демократия мен ұлттық жігерінің тарапында екенін түсіндірді. 

Алтун "Тунисте болған соңғы оқиғаларға қатты алаңдаудамыз. Демократияның тезірек қайтадан орнатылатынына сенеміз" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар