Түркияда ковид-19 эпидемиясынан 58 өлім-жітім тіркелді

Денсаулық министрі Фахреттин Кожа халықты вакцина салуға шақырды.

1679591
Түркияда ковид-19 эпидемиясынан 58 өлім-жітім тіркелді

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 58 өлім-жітім тіркелді.

Соңғы 24 сағатта 221 мың 463 тест жасалып, 12 мың 381 адамға вирус жұққаны расталды.

Сауығып кеткендердің саны 5 мың 383 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен барлығы 65 миллион 631 мың 701 вакцина салынды.

Денсаулық министрі Фахреттин Кожа тақырыппен байланысты «Науқас санының өсуі жалғасуда. Бұл жағдайдың ауруханаға жатқызылғандар санына ықпал етуі мүмкін. Мұның алдын алу тәсілі - сақтық шараларына бағынып, вакцина салу» деді.



Ұқсас жаңалықтар