Президент Эрзурум конгресінің жылдығын құттықтады

"Эрзурум конгресінің жылдығына орай тәуелсіздік күресінің барлық қаһармандарын еске аламыз".

1679369
Президент Эрзурум конгресінің жылдығын құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Эрзурум конгресінің 102 жылдығы мен Хатайдың Түркияға қосылуының 82 жылдығына орай екі бөлек хабарлама жариялады.

Ердоған Эрзурум конгресінің жылдығына орай жариялаған хабарламасында ұлттың Отанның бөлінбейтіндігі мен тәуелсіздігіне деген сенімін батылдықпен танытқан Эрзурум конгресінің ұлтазаттық күрестің бағытын анықтауы тұрғысынан тарихи маңызы бар екенін мәлімдеді.

Эрзурум конгресінде халықтың әртүрлі басқыншылық пен күреске қарсы бірлік пен ынтымақтастық аясында жаппай қорғау және басқару күшін бар әлемге паш еткеніне назар аударған Ердоған «Эрзурумда қабылданған «ұлттық келісім» ерекшелігіне ие шешімдерімен ұлтазаттық соғысты Ұлы Жеңіске апаратын жолдың алғашқы қадамдары басылды. Ұлтазаттық күрес жылдарында көрініс тапқан осы жоғары сана мен ерік бүгінгі күні де бізге бағыт беріп, күш қосуда. /.../ Өз тарихымыздан алған шабытпен бірлік және ынтымақтастықпен болашаққа сенімді қадамдармен жүріп, үлкен және мықты Түркия үшін күш-жігерімізді жұмсауға тырысамыз. Эрзурум конгресінің жылдығында тәуелсіздік күресінің барлық қаһармандарын, әсіресе Гази Мұстафа Кемалды құрмет және ризашылықпен еске ала отырып, барлық азаматтарымызға шын жүректен сәлем жолдаймын» деді.

«Жүздеген жылдан бері ежелгі өркениеттерге қонақжайлық жасаған бауырластық пен мейірімділіктің орталығы Хатайдың Түркиямен бірігу шешімі ұлттық бірлік пен тұтастығымызға күш қосты» деген Ердоған «Ортақ құндылықтарымыз төңірегінде бірігіп, бұрын болғандай бүгін де бірдей қажымас қайрат және табандылықпен жүреміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар