"Кипр түріктерінің мойындалуын талап етеміз"

Президент мәлімдеді.

1678364
"Кипр түріктерінің мойындалуын талап етеміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Кипр түрік мемлекетінің ең қысқа уақытта көп елдер тарапынан мойындалуы үшін барлық күш-жігерді жұмсайтындарын айтты.

Президент Ердоған өзі басшылық жасайтын Әділет және даму партиясының жиналысына видео конференция арқылы қатысты.  Ол баяндамасында Кипр тарықырыбына тоқталды. «Кеше және алдынғы күні Кипрде атқарған істеріміз өте маңызды болатын. Енді Кипр түріктерінің халықаралық келіссөздерде үстелдегі жалғыз талабы мемлекет мәртебесінің мойындалуы. Бұдан басқа ұсыныстар мен талаптардың барлығының күші жойылды» деді ол.

Президент: «Кипр түрік мемлекетінің ең қысқа уақытта мойындалуы үшін қолымыздан келгенді жасаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар