Түркия Макронның әрекетін айыптады

Сыртқы істер министрлігі Франция президенті Макронның ауыз жүзіндегі Сирия Демократиялық кеңесі мүшелерімен кездесуін қатаң айыптады.

1677926
Түркия Макронның әрекетін айыптады

Түркия Франция президенті Эммануэл Макронның бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның Сириядағы жалғасы ПИД/ИПГ қолдауындағы ауыз жүзіндегі Сирия Демократиялық кеңесі мүшелерімен кездесуін айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен Макронның ауыз жүзіндегі Сирия Демократиялық кеңесі мүшелерімен кездесуіне байланысты мәлімдеме жасалды.

Мәлімдемеде мыналар жазылды:

"Франция президенті Эммануэл Макронның бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның Сириядағы жалғасы ПИД/ИПГ қолдауындағы ауыз жүзіндегі Сирия Демократиялық кеңесі мүшелерімен кездесуін айыптаймыз.

Францияның барлық шақыруларымызға қарамай, бөлшектеуші қандықол террористік ұйым және оның жалғасымен жасаған байланысы Түркияның ұлттық қауіпсіздігін, Сирияның саяси бірлігі мен территория тұтастығын қорғау және аймақта тұрақтылық орнату талыпынстарына зиян салуда.

Террористік ұйымның соңғы кезде ұйымға қатысуға қарсы шыққан жастардың бейбітшіл ереуілдерін қанмен бастыруы, ұсталғандарды қинап өлтіруі шындығын француз қоғамына және халықаралық қоғамға ескертеміз.

Түркияның террористік ұйым және оның жалғасы болған ұйымдармен күресін барлық жерде батылдықпен жалғастыратынын тағы бір мәрте қайталаймыз." 



Ұқсас жаңалықтар