Кипр Бейбітшілік қозғалысына 47 жыл болды

Түркия Кипр Бейбітшілік қозғалысы арқасында қауіпсіздігі мен болмысы кепілге алынған Кипр түріктерінің әрқашан жанында болады.

1677912
Кипр Бейбітшілік қозғалысына 47 жыл болды

Түркия 1974 жылғы 20 шілде күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің нөмірі 353-ші қарарымен Ұлыбритания және Грекияға «бейбітшіліктің қайта орнауы үшін келіссөз бастау» шақыруын тастады.

Осыған орай кепілгер үш ел 25-30 шілде күндерінде Женевада жиналыстар өткізді. Кепілгер үш елдің сыртқы істер министрлері 30 шілде күні Женева декларациясына қол қойды.

Аталмыш декларацияда Грекия мен Кипрлық понтилер тарапынан басып алынған түрік анклавтарының жедел түрде босатылуы және аралда бейбітшілік пен атазаңдық тәртіптің қайта орнауын қамдайтын сыртқы істер министрлері арасында келіссөздің жалғастырылуы көзделді.

Айырықша декларацияда аралда Кипр түрік қоғамы мен Кипр понти қоғамы деген екі автономды басшылық болуы танынды.

Конференцияның 9 тамызда басталған екінші сатысында Грекия аралда жаңа атазаңдық тәртіптің құрылуына бағытталған барлық ұсыныстарға қарсы шықты және атазаңға байланысты келісілетін бір келісім үшін түрік жасақтарының кетуін шарт ретінде алға тартты.

Грекия «1960 жылы болғандай ұсынылған ешбір шешімді қабылдамайтынын» білдіргеннен кейін конференция 14 тамызда нәтижесіз қалды.  Осылайша Кипр Бейбітшілік қозғалысының екінші сатысы басталды.

Қозғалыс табысты түрде аяқталғаннан кейін 1975 жылғы 13 ақпан күні Кипр Түрік федералдық мемлекеті құрылды.  Мәжілісте қабылданған шешім арқылы 1983 жылы 15 қараша күні Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) құрылды.

Кипр аралында ағылшын билігі болған кезде арал екі қоғамды,  екі дінді құрылымға ие болатын.

1931 жылдан бастап Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алуға тырысқан понтилер аралды Грекияға қосқысы келді. Халықаралық келісімдер аясында кепілгерлік құқығы бар Түркия 1974 жылы түрік халқына жасалған шабуылдардың алдын алу мақсатымен аралға әскери операция жүргізді.

Түрік әскері аралдың жартысын құтқарды. Сол күннен бері бейбітшілік орнады.  Екі қоғамның аралдың екі жағының бірлесуі үшін келіссөздері әлі жалғасуда.

Түркия Кипр Бейбітшілік қозғалысы арқасында қауіпсіздігі мен болмысы кепілге алынған Кипр түріктерінің әрқашан жанында болады.


 



Ұқсас жаңалықтар