Ердоған СКТР-де беташарларға қатысты

Ердоған СКТР 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі рәсіміне орай Никосиядағы беташар және іргетас қалау рәсімдеріне  қатысты.

1677957
Ердоған СКТР-де беташарларға қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған нақтылы жұмыстармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының қасында болуды жалғастыратындарын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі рәсіміне орай Никосиядағы беташар және іргетас қалау рәсімдеріне  қатысты.

Осы аяда Яуыз жағажайындағы Бейбітшілік пен Еркіндік ескерткішінің және 1974 Бейбітшілік қозғалысында қолданылған соғыс кемесінің "мұражай кемеге" өзгертілуінің бетін ашты.

"Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы шынайы ынтымақтастық пен бауырластықты бекемдейміз" деген Ердоған:

"Еліміздегі көптеген қала әкімшілігі СКТР-дегі жобаларымен Аралға қолдауын жалғластыруда. Нақтылы жұмыстармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының қасында болуды жалғастырамыз. Осы барыста тамаша Аралдың болашағын да ойлаймыз" деп көрсетті.

Никосия Солтүстік қала маңы автожолының тұсауын кескен Ердоған:

"Никосия Солтүстік қала маңы автожолы жобасы Никосияның қатынасын жақсартады. Уақыт пен жанармай үнемдейді" деді.

Ердоған: "СКТР-ның сандық инфрақұрылымын күшейту үшін бүгін іргетасы қаланған сандық орталықтың "е-Мемлекет" жобасының маңызды сатысы болатынын" білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған СКТР-ның өркендеуі үшін  бірге атқарылатын жобаларды президенттің орынбасары Фуат Октай арқылы бақылап отыратынын айтты.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар да беташардағы сөзінде СКТР-ның жер үсті мен жер асты инфрақұрылымы мен экономикасының дамуы және болашаққа үмітпен қарауы үшін осы жұмыстарды халықаралық қоғаммен бөлісу өздеріне күш бергенін айтты.

Президент Ерсин Татар Жабық Мараштың ашылу процесі арқылы маңызды қадам басылғанын айтып:

"Мараштың жандануы, адамзатқа ашылуы СКТР экономикасына  есе қосатынына сенеміз" деді.

Президент Ердоған мен қасындағы делегацияға алғыс айтқан Ерсин Татар Жерорта теңізінің шығысындағы ұлттық мүдделерді, құқықты және оларды қорғау береке-бірлікті бекемдеудің, Кипр түріктерінің  осы аймақтағы болмысын жалғастырудың кепілі болатынын атап айтты. 



Ұқсас жаңалықтар