Ердоған 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі рәсіміне қатысты

Ердоған:  "20 шілде зұлымдық аяқталған және Кипрге бейбітшілік әкелген азаттық күні" деді.

1677809
Ердоған 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі рәсіміне қатысты
tatar.jpeg

Президент Режеп Тайып Ердоған  "20 шілде (1974) зұлымдықты доғарған және Кипрге бейбітшілік әкелген азаттық күні болып табылады" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мерекесі рәсіміне қатысты.

Ердоған бұл жерде жасаған баяндамасында понтилердің Кипр түріктерін азсанды ретінде қараудан бас тартпағанын, тепе-теңдік генізінде шешім жасауға жақындамағанын айтып, "Понти тарапы шындықты көргісі келмейде. Олар шын ниетті емес" деді. 

Президент Ердоған Еуропа Одағын да сынға тартып, "Еуропа Одағы қаржы жағынан Солтүстік Кипрге қолдау жасауға уәде берген еді, өкінішке орай жәрдем бермеді. Бұлдардың өмірі жалған негізінде құрылған" деген сөздер қолданды. 

Кипр Понти әкімшілігі жөнінде Ердоған "Іштерінде әлі 1974 жылдан бұрынғы қырғынды сағынғандар бар. Бұл дұрыс емес" деді. 

Кипр тақырыбымен байланысты президент Ердоған былай деді: "Біздігі дұрыс. Құқықтарымызды әрқашан қорғаймыз. Талай жылдан бері өзгермеген және қысқа мерзімде де өзгерісі күтілмеген тұғырды қабылдамаймыз. Бұдан кейін ешкім бізден кері қайтуды күтпесін" деді. 

Ердоған ешкімнің Кипр түріктерінен тепе-теңдік мәртебесінен және егемендігінен бас тартуын, сондай-ақ понтилердің басқаруы астында өмір сүруді қабылдауын күтпеуін баяндап, "Ешкім ренжімесен,  47, 147 жыл немесе  247 жыл өтсе де Кип түрік халқы тәуелсіздігінен және еркіндігінен бас тартпайды" деген сөздер қолданды. 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар да "Кипр аралы маңындағы табиғи байлықтарға тепе-тең құқыққа иеміз. Біз Түркиямен бірге осы байлыққа ие шығуда табандымыз" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар