Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады

Президент Ердоған 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мейрамы рәсіміне де қатысады.

1677263
Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Солтүстік Кипр Түрік Республикасына барады.

Президенттік Коммуникация басқармасы тарапынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Сотүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татардың шақыруымен 19-20 шілдеде Солтүстік Кипр Түрік Республикасына ресми сапар жасайды. 

Сапар аясында президент Ердоған Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Мәжілісінің арнайы сессиясында баяндама жасап, бұл жерде бір сүйіншіні жариялайды. 

Ердоған 20 шілде Бейбітшілік және еркіндік мейрамы рәсіміне де қатысады. 

Сапар аясында президент Режеп Тайып Ердоған мен Сотүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар оңаша кездеседі. Екі лидер кездесуде Жерорта теңізінің шығысындағы оқиғалар, Түркия мен Сотүстік Кипр Түрік Республикасы арасындағы қарым-қатынастар егжей-тегжейлі қолға алынады. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар