Президент Ердоған Ерзурумда

Ердоған: "Алдағы кезеңде Түркияның болашағын нұрландыратын жобаларды атқаруды жалғастырамыз" деді.

1676766
Президент Ердоған Ерзурумда

Президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған Түркияның болашағын нұрландыратын жобаларды атқаруды жалғастыратындарын айтты.

Әділет және даму партиясының Ерзурум Уәлаяты ақылдасу жиналысына қатысқан Ердоған рәсіммен беті ашылған 9.5 миллиард лиралық қызмет және жобаны Ерзурумға ұсынатындарын хабарлады.

Президент Ердоған:

"2023 жылға беталған процесте сізден қолдау күтеміз. Уәлаят ақылдасу жиналыстарымызды демократия мерекесі деп қараймыз. Осы жиналыстарда ұйымымыздың суреті түсіріліп, күшті және әлсіз жағымызды көреміз. Жиналыстарымызды жалғастырамыз" деп көрсетті.  

Әділет және даму партиясының өзін жаңалап, жандандырып келе жатқанын айтқан Ердоған:

"Алдағы кезеңде осы түсінікпен Түркияның болашағын нұрландыратын жобаларды атқаруды жалғастырамыз" деді.

Дүйсенбі күні СКТР-ге баратынын, 20 шілде Бейбітшілік пен еркіндік құттықтауларына қатысып, қасиетті Құрбан айтты Кипр түрік халқымен бірге өткізетінін айтқан Ердоған СКТР-де кездесулер өткізетінін, мұралар мен жобаларды қызметке ұсынатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар