Ердоған өнеркәсіп инвестициясына тоқталды

Ердоған Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде шетелге тәуелділіктен толық құтқарғанға дейін инвестициялардың жалғалатынын айтты.

1672323
Ердоған өнеркәсіп инвестициясына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Елімізді қорғаныс өнеркәсібінде шетелге тәуелділіктен толық құтқарғанға дейін инвестицияларды жалғастырамыз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Кайсериде "А400М Fasbat" Ұшақ техникалық қызмет көрсету нысандарында өткен беташар мен Қайта жабдықталған алғашқы А400М ұшағын тапсыру және Стратегиялық ынтымақтастық келісім сертификаты рәсіміне тікелей эфирде қатысты.

Ердоған Түркияны қорғаныс өнеркәсібінде шетелге тәуелділіктен толық құтқарғанға дейін инвестициялардың жалғалатынын айтты. 

"40 жылдан бері жалғасқан террор ұйымымен күрес барысында одақтастық рухына үйлеспейтін көптеген оқиғаға дөп келдік. Террормен күрес кезінде жалғыз қалдық. Ауыз жүзіндегі достарымыз бізді сәтсіздікке ұшырату үшін қолынан келгенін істеді" деген Ердоған:

"Еліміз сұрағанда қиындықты көбейткен қарулар ДАИШ-пен күрес атымен Сириядағы террористерге мыңдаған көлік және ұшақпен жеткізілуде" деді.

Президент:

"Әлемдегі алғашқы 3-4 ел арасындамыз. Бүгін жақсарту және ұлттық түске ену аясында жасалған келісімдермен бірге елімізді нысаналарға қысқа уақытта жеткіземіз" деп көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар