Шентоп Сенегал достық тобы төрағасын қабылдады

Мұстафа Шентоп: "Дос және бауырлас Сенегалмен арамызда текті, тарихи және мәдени байланыстар бар" деді.

1671007
Шентоп Сенегал достық тобы төрағасын қабылдады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп бас қала Анкараға келген Сенегал Ұлттық Мәжілісі Сенегал-Түркия Парламенттерарасы Достық тобының төрағасы және Бенно Бокк Бернс парламенттік тобының төрағасы Aymerou Gningue мен қасындағы делегацияны қабылдады.

Мұстафа Шентоп:

"Дос және бауырлас Сенегалмен арамызда текті, тарихи және мәдени байланыстар бар. Сенегал біз үшін тұрақты саяси құрылымы және экономикасымен, тарихында әскери төңкеріс болмауымен Сахарадағы Африкаға ашылған қақпамыз және құнды ортағымыз" деді.

Мұстафа Шентоп:

"Африка көп салалы сыртқы саясатымыздың басты және негізгі орнында. Өткен 10 жылда Түркия мен Африка құрлығы арасындағы қарым-қатынастар жақсы дамыды. Африкамен ортақтық саясатымыз шынайы және өзара сенім негізіне құрылған. Құрлықтағы 43 өкілетті елшілігімізге орай елімізде 37 Африка елінің өкілетті елшілігі ашылды" деп көрсетті. 

Сенегал Ұлттық Мәжілісі Сенегал-Түркия Парламенттерарасы Достық тобының төрағасы және Бенно Бокк Бернс парламенттік тобының төрағасы Aymerou Gningue Аралас Парламент тобы құрылуы іс-шараларды жақсарту мүмкіндігін беретінін білдіріп:

"Табыс-табыс саясатымен ынтымақтастығымызды дамытуға талпынудамыз. Біз Түркияның байлығын және дипломатиялық күшін түсінеміз" деді.



Ұқсас жаңалықтар