Түркияда коронавирус салдарынан 45 өлім-жітім тіркелді

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Коронавирус Ғылым кеңесі жиналысының артынан жасаған мәлімдемеде

1667684
Түркияда коронавирус салдарынан 45 өлім-жітім тіркелді

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 45 өлім-жітім тіркелді.

Коронавирус басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 49 мың 732 кісіге көбейді. 

Бір күнде 228 мың 163 тест жасалып, 522 жаңа науқас анықталды. 

Соңғы 24 сағаттың ішінде 5 мың 496 адамға вирус жұққаны расталды.

Емі аяқталған 7 мың 191 адамды қосқанда, сауығып кеткендердің саны 5 миллион 294 мың 285 кісіге жетті.

Екінші жағынан Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Коронавирус ғылыми кеңес жиналысының артынан жасаған мәлімдемесiнде «2 дозаға вакцина салдырған 50 жастан асқан азаматтар мен медициналық қызметкерлер ертеңнен бастап өздері қалаған вакцинамен 3-ші дозаға жазыла алады» деді.

Министр Кожа "(ковид-19) Аурудан 6 ай өткен соң вакцинация құқығы анықталатын, бүгіннен бастап бұл мерзім үш айға дейін қысқарды. Қолдағы жаңа мағлұматтарға қарағанда, BioNTech вакцинасының бірінші дозасын алған азаматтарымыздың 4 аптадан кейін екінші дозаға жазылу орынды" дедi.



Ұқсас жаңалықтар