Министр Акарды Садыр Жапаров қабылдады

Қорғаныс министрі Қырғызстандағы сапарын аяқтап, Тәжікстанға кетті.

1667429
Министр Акарды Садыр Жапаров қабылдады

ТР Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесті.

Акар Қырғызстан Қорғаныс министрі Таалайбек Омуралиевтің шақыруымен осы елге барып, Бішкектегі кездесулерін жалғастыруда.

Министрді сапары шеңберінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қабылдады.  Қабылдауда министр Акар президенттер басшылығында өткен Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі жиналысының екі елдің қатынастарына жаңа серпін бергенін айтты. Ол осы шеңберде қорғаныс, қауіпсіздік және қорғаныс өнеркәсібі секілді көптеген салада серіктестің тереңдетілуіне, Фетуллахшы террор ұйымымен күресте ынтымақтастыққа көңіл бөлді.

Акар сапары барысында атақты қырғыз қаламгер Шыңғыс Айтматовтың мұражайына да барды.

Министр Акар Қырғызстандағы сапарын аяқтап, Тәжікстанға өтті.



Ұқсас жаңалықтар