Ердоған "Канал Стамбул" жобасына тоқталды

Президент Ердоған: "Нысанамыз "Канал Стамбул" жобасын 6 жылда бітіріп, қызметке ұсыну" деді.

1667465
Ердоған "Канал Стамбул" жобасына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған нысана "Канал Стамбул" жобасын 6 жылда бітіріп, қызметке ұсыну екенін білдірді.

Президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының ТҰҰМ тобындағы жиналысына қатысты.

Сөзінде 19 жылдан бері елді еңбек және қызмет саясатымен басқарғандарын айтқан Ердоған Стамбулға сыйлаған үшінші әуежайын, ел көлемінде салған автожолдары, көпірлер, қала ауруханаларын үлгі ретінде көрсетті. 

Экспортта ай сайын рекорд жаңалағандарын, өндірісті арттырғандарын, өнеркәсіпті дамытқандарын, қорғаныс өнеркәсібінде елді маркаға айналдырғандарын айтқан Ердоған Түркияның "Канал Стамбул" жобасына да жақында қауышатынын айтты.

Президент Ердоған:

"Әлемдегі ең ірі қала болған Стамбулдың бұғаз қатынасы және зілзалаға дайындық сияқты мәселелердің шешілуіне есе қосатын жоба қаланың болашағын құтқаратын бір мұра деп қараймыз.  Біз бір канал салып қана қоймай, сонымен бірге Стамбулға, елімізге кемежайларымен, экспортымен, өмір алаңдарымен адамдарымызға жайлы бір өмір тынысын ұсынамыз" деп көрсетті.

"Нысана "Канал Стамбул" жобасын 6 жылда бітіріп, қызметке ұсыну" деген Ердоған:

"Түркияда 19 жылда қол жеткізген мұра және қызметтерімізбен, әлем көлеміндегі жобамен шыңға шығаратынымызға сенеміз" деп көрсетті.  



Ұқсас жаңалықтар