Кейбір елдерден келетін рейстер тоқтатылды

Түркияда жаңа кезең басталады.

1666358
Кейбір елдерден келетін рейстер тоқтатылды

Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Непал және Шри-Ланкадан Түркияға келетін барлық рейстер тоқтатылды.

Ішкі істер министрлігі тарапынан елдің барлық әкімдіктеріне коронавируспен күрес шеңберінде «1 шілде 2021 күнінен бастап елге кіру шаралары» тақырыпты ереже жіберілді.

Ережеге сәйкес, Бангладеш, Бразилия, Оңтүстік Африка, Үндістан, Непал және Шри-Ланкадан Түркияға келетін барлық рейстер жаңа шешімге дейін тоқтатылды.

Біріккен Корольдық, Иран, Мысыр және Сингапурдан келген жолаушылардан Түркияға кіргеннен 72 сағат бұрын жасалған тестің негатив қорытындысы талап етіледі.



Ұқсас жаңалықтар