Чавушоғлу мен Лавров 30 маусымда кездеседі

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 30 маусымда Анталияда кездеседі.

1666484
Чавушоғлу мен Лавров 30 маусымда кездеседі

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 30 маусымда Түркияға келеді. Лавров бірқатар кездесулер өткізеді. Кездесулерде Түркия-Ресей қарым-қатынасатрымен қатар аймақтық тақырыптар қолға алынады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сергей Лавровтың сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның шақыруымен Түркияға келетіні білдірілді. 

Ресей сыртқы істер министрлігі де бұл туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде Чавушоғлу мен Лавровтың Оңтүстік Кавказ, Орташығыс, Солтүстік Африкамен қатар Ауғанстан, Украина, Орталық Азия, Жерорта теңізінің шығысы мен Қаратеңіз аймағындағы жағдай, Сирия және Ливия тақырыптарын қолға алатындары білдірілді. 

Екі ел арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықтың дамытылуымен байланысты тақырыптардың да талқыланатыны білдірілген мәлімдемеде "Осы жылдың қаңтар-сәуір маусымында өзара сауда көлемі 2020 жылының бірдей мезгілімен салыстырғанда 22,5 пайыз артып, 9 миллиард 100 мың долларға ұласты" деген сөздерге орын берілді. 

Мәлімдемеде Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) індетімен күрес, (Ковид-19) індетіне қарсы Sputnik V вакцинасының Түркияда қолданылуы және оның өндірілуімен байланысты тақырыптардың да қолға алынатыны баяндалды. 

Мәлімдемеде президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путинннің биыл 6 рет телефон арқылы сөйлескені атап өтілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар