Түркияда жаңа кезең

1 шілде күні шектемелер алынып тастайды.

1665716
Түркияда жаңа кезең

 

Түркияда 1 шілде күні сатылы түрде қалыпты өмірге өту процесінің үшінші сатысы басталады.

Ішкі істер министрлігі қалыпты өмірге сатылы  өтудің үшінші бөліміне байланысты ереже жариялады.  Ереже 81 қаланың әкімдеріне жіберілді.

Осыған орай көшеге шығу және қалалар арасында жүру шектемелері 1 шілде күнінен бастап аяқталады.  Ережеге сәйкес,  сақтық шаралары шеңберінде жұмыстары тоқтатылған кәсіпорындар мен кинотеатрлар қайтадан ашылады.

Коронавируспен күрес шеңберінде гигиена, маска және қашықтықты сақтау қағидалары жалғаса береді. Ашық және жабық мекендерде кісі санына шектеу қойылмайды.

Неке қию, тойларда адам саны шектелмейді. Концерт, фестиваль, жастар лагері секілді шараларға рұқсат беріледі.

 Бангладеш, Бразилия,  Оңтүстік Африка, Үндістан, Непал және Шри-Ланкадан Түркияға келген кісілер, соңғы 14 күнде осы елде болғандарға бағытталған карантин алынып тасталады. Осы кісілердің тест қорытындыларының негатив болуы керек.



Ұқсас жаңалықтар