Чавушоғлу: ДАИШ-пен күресетін жалғыз НАТО мүшесіміз

Министр Чавушоғлу ДАИШ-ке қарсы күрес Халықаралық коалициясының министрлер жиналысына қатысу үшін Римге барды.

1666204
Чавушоғлу: ДАИШ-пен күресетін жалғыз НАТО мүшесіміз

Сыртқы Істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның террор ұйымы ДАИШ-пен майданның алдыңғы сабында күресетін жалғыз НАТО мемлекеті екенін білдірді.

ДАИШ-ке қарсы күрес Халықаралық коалициясының министрлер жиналысы және Үлкен жиырмалық Сыртқы істер министрлері жиналысы үшін Италияның бас қаласы Римге барған министр Чавушоғлу Италияның алдынғы қатарлы газеттерінің бірі «Il Messaggero»-ға сұхбат берді.

Чавушоғлу террор ұйымы ДАИШ-тің үлкен шабуыл жасайтын қаржылық пен жоспарлау құрылымына ауыр соққылар енгізілгенін мәлімдеді. Чавушоғлу «Бүгінге дейін Сирия мен Иракта 4 мың 500 ДАИШ мүшесін залалсыздандырдық. Бұл ұйымға баратын көптеген ақшаның алдын алдық. Түркия ретінде біз басынан бері ДАИШ-ке қарсы коалицияның белсенді мүшесіміз және біз ДАИШ-ке қарсы майданда соғысып жатқан жалғыз НАТО мүшесіміз. Кері шегінгенмен ДАИШ әлі де қауіп төндіреді» деді.

Сирияда ДАИШ-ті жеңу үшін қолданылған әдістердің кейбір қателіктерді ортаға қойғанын қашанда тілге тиек еткендерін білдірген Чавушоғлу «Лаңкестік топпен күресті басқа бір террористік топқа тапсыруға болмайды. PKK/YPG және Сириялық демократиялық күштер (СДК) деп аталатын ұйым PKK-ның Сириядағы үзігі. PKK/YPG өзінің маңыздылығын сақтау үшін ДАИШ-ке қажеттілік бар және ДАИШ-тің болмысынан пайдаланады» деп бағалады.

Чавушоғлу қазіргі уақытқа дейін айтылғандарға қарама-қайшы ДАИШ қаупінің Сирияда тереңірек тамыр жайып жатқанына назар аударып, «Өйткені PKK/YPG өз бақылауындағы лагерьлерден қаржылық пайда түсіру үшін ДАИШ-тік террористерді босатуда. Стратегияны қолға алып, барлаудың тиімді ақпарат алмасуын қамтамасыз ете отырып заңды тұлғалармен шынайы серіктестікті бастау керек. Римдегі министрлер жиналысы террористтерге қарсы күресімізді бағалауға және алдағы бағытты талқылауға мүмкіндік береді» деді.

Екінші жағынан, Ливия бойынша Мевлүт Чавушоғлу Италиямен жұмыс жасалып жасалмағаны тақырыбында қойылған бір сұраққа «Италия біздің стратегиялық ортағымыз және одақтасымыз. Түркия ковид-19 эпидемиясының ең қараңғы күндерінде Италияға қолдау берді. Жерорта теңізіндегі соңғы оқиғалар мен қиындықтарға байланысты Италия мен Түркия арасындағы ынтымақтастық аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін өте маңызды болды. Біз әрқашан Ливия тақырыбында Италиямен тығыз байланыста және ынтымақтастықта болдық. НАТО одақтастары және қауіпсіздік жөніндегі жұмыс тобының тең төрағасы ретінде институционалдық әлеуетті нығайту мен Ливияның өркендеуі үшін түрлі салаларда бірлесіп жұмыс істей аламыз» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар