Сазлыдере көпірінің іргетасы қаланды

Президент Ердоған şобаның іске қосылуымен жыл сайын 717,2 миллион лираның үнемделетінін атап көрсетті.

1665407
Сазлыдере көпірінің іргетасы қаланды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның өркендеу тарихында жаңа парақ ашқандарын және «Канал Стамбул» жобасында Сазлыдере көпірінің іргетасының қаланғанын жариялады.

Президент Ердоған жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада ел мен ұлтқа жаңа туындылармен қызмет етуді жалғастыратындарын мәлімдеді.

«Канал Стамбул» жобасының 2011 жылдың 27 сәуір күні қоғамға паш етілгеніне назар аударған Ердоған «11 бөлек университеттен 51 ғалым, барлығы 204 сарапшы қызмет етті. Модельдеу жұмысына 35 бөлек елден 3500 адам қатысты. 304 бөлек жерде 17 мың метрден астам бұрғылау және 248 геофизикалық зерттеу жүргізілді. Ғылыми зерттеулер негізінде 5 түрлі альтернатива арасынан ең тиімді желі анықталды» деді.

Ердоған ұзындығы 45 шақырым, ені 275 метр, тереңдігі 20,75 метр болатын Стамбул каналы үстіне барлығы 6 көпір салынатынын мәлімдеді.

«Канал Стамбул» жобасының Сазлыдере көпірі негізгі аралығының 440 метр, жалпы ұзындығының 1 мың 618 метр және платформаның енінің 46 метр екенін айтқан Ердоған биіктігі 196 метрлік мұнараларының болса «diamond геометриясымен» жобаланғанын айтты.

Президент Ердоған Башакшехир-Бахчешехир-Хадымкөй бөлігінің аяқталуымен көміртегі шығарындыларының 32 мың 126 тоннаға азайып 641,7 миллион, жанармайдан 75,5 миллион, барлығы жыл сайын 717,2 миллион лира қаржының үнемделетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар