PKK-дан қашқан 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

PKK-лық 3 террористтің жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде берілгені жарияланды.

1665368
PKK-дан қашқан 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан қашқан 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда министрліктің үйлестіруімен жүргізілген көндіру жұмыстары нәтижесінде PKK-лық 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Террористердің 2013 - 2015 жылдары аралығында PKK-ға қосылып, Сирия мен Иракта лаңкестік әрекеттерге қатысқаны анықталды.

Көндіру жұмыстары нәтижесінде биыл берілген ұйым мүшесі саны 89-ға жетті.

Басқа жағынан Ішкі істер министрлігі Шырнактың Орталық ауданы Бестлер Дерелер аймағында PKK/KCK-лық 2 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.

«Эрен-13» операциясы аясында аймақтағы операциялар жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар