Фуат Октай басшылығындағы делегация Өзбекстанға аттанды

Түркия делегациясы Өзбекстан-Түркия бірлескен экономикалық комиссиясының 6-шы отырысына қатысады.

1665561
Фуат Октай басшылығындағы делегация Өзбекстанға аттанды

Вице-президент Фуат Октай басшылығындағы делегация Өзбекстан-Түркия бірлескен экономикалық комиссиясының 6-шы отырысына қатысу үшін Өзбекстанға аттанды.

Октай сапары барысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарға бағыт-бағдар беруді нысанаға алған сауда, өнеркәсіп, аккредитация энергия жеткізу, ауылшаруашылығы мен орман туризмі салаларына қоса 40-тан астам тақырыптан тұратын хаттамаға қол қою рәсіміне қатысады.

Кездесуге дейін Өзбекстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының өкілдерімен бас қосуы күтілген Октайдың осында оңаша кездесулер жасауы да жоспарлануда.

Октай Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесуінің артынан өзінің  құрметіне берілетін қонақасыға қатысады.

Сондай-ақ Октай басшылығындағы делегация бағдарламасы аясында Бұхара және Самарқанд қалаларына барады.



Ұқсас жаңалықтар