ТҰҰМ делегациясының АҚШ сапары аяқталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясы делегациясының Америка Құрама Штаттарындағы бір апталық сапары аяқталды.

1665115
ТҰҰМ делегациясының АҚШ сапары аяқталды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Сыртқы істер комиссиясы төрағасы Акиф Чағатай Кылыч АҚШ-тағы кездесу барысында басты тақырыптың Ауғанстан болғанын айтты. 

Кылыч кездесулерде екі ел арасындағы көптеген тақырып жайлы пікір алмасқанын білдіріп, америкалық саясатшылармен тіпті көп диалог жасау керектігі тақырыбында келіскендерін атап өтті. 

Кездесулер барысында Ауғанстан тақырыбының басты орын алғанын түсіндірген Кылыч "Ауғанстан халқына және Ауғанстанға әрқашан жәрдем беруге дайын екенімізді айттық" деді. 

Кездесулерде Таулы Қарабах тақырыбының да күн тәртіпке келгенін баяндаған Акиф Чағатай Кылыч Түркияның Әзербайжанның қасында болғанын және бұны Вашингтонның жақсы білетінін айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар