Түрік вакцинасы ағылшын штамына да ықпалды

Бұл туралы Ерджиес Университеті ректоры хабарлады.

1664533
Түрік вакцинасы ағылшын штамына да ықпалды

Түркияның отандық коронавирус вакцинасы Turkovac Ұлыбритания штаммы ретінде танымал Альфа вариантына қарсы да ықпалды.

Жануарларға жүргізілген зерттеу табысты нәтиже берді.  Қысқа уақыт бұрын үшінші зерттеу сатысын бастаған отандық вакцинаға байланысты Кайсеридегі Ерджиес Университетінің ректоры Проф. Др. Мұстафа Чалыш сүйінші хабар берді. Ол ағылшын штаммымен байланысты тышқандарда зерттеу жүргізілгенін айтып: «Біздің вакцинамыздың ағылшын вариантына ықпалды екенін көрдік.  Осы сүйінші хабарды бергім келді» деді.

Turkovac вакцинасының үшінші саты зерттеуі еріктілердің үстінде жүргізілуде. Осы процесс табыспен аяқталғанда, вакцина қолданыс рұқсатын алып, миллиондаған адамға шипа болады.



Ұқсас жаңалықтар