ЕО-дан Түркия жайлы шешім

Еуропа Одағы Түркиямен диалогқа дайындалады.

1664395
ЕО-дан Түркия жайлы шешім

Еуропа Одағы Түркиямен жоғары деңгейлі диалогқа дайындалуға шешім қабылдады.

ЕО саммиті жалғасып жатқанда Түркиямен байланысты талқылаулар аяқталғаннан кейін қорытынды декларацияның қатысты бөлімі жарияланды.

Декларацияда Еуропа Одағы басшыларының көш, медицина,  климат,  терроризммен күрес және аймақтық мәселелер секілді өзара мүддеге сүйенетін тақырыптарда Түркиямен жоғары деңгейлі диалог дайындықтарына шешім бергені айтылды.

Еуропа Одағы басшылары Түркиямен Кеден Одағының жаңалануы үшін де техникалық жұмыстардың басталуын атап көрсетті. Декларацияда «ЕО кеңесі ЕО комиссиясын Түркия, Иордания, Ливан және аймақтың басқа жерлеріндегі сириялық босқындар және оларды паналатып отырған елдерге қамдалатын қаржының жалғастырылуы үшін ресми ұсынысты кешіктірмей ұсынуға шақырды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар