PKK-лық 5 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Ішкі істер министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1663735
PKK-лық 5 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Көндіру жұмыстары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан қашқан 5 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда, министрліктің үйлестіруімен Полиция Бас дирекциясы және Жандармерия Бас қолбасшылығы ортақ жүргізген көндіру жұмыстары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-дан қашқан 5 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді.

Бұл ұйымның мүшелерінен бірінің ата-анасының Ван қаласында балаларын күту акциясына қатысқан  отбасылардың қатарында екені анықталды.

Берілген ұйым мүшелерінің 2009-2015 жылдар аралығында террористік ұйымға қосылып, Сирия, Ирак және Иранда лаңкестік іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.

Баласын күтіп отырғандар арасында 26-шы отбасы террор ұйымынан көндіру жұмыстары нәтижесінде қашып құтылған баласына қауышты.

Осылайша биыл берілген ұйым мүшелерінің саны 86-ға өсті.



Ұқсас жаңалықтар