Ерсин Татар "TURKOVAC" үшін Түркияны құттықтады

Ерсин Татар Түркияны жергілікті жаңа типті  (Covid-19) вакцинасы "TURKOVAC"-қа орай құттықтады.

1663033
Ерсин Татар "TURKOVAC" үшін Түркияны құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған жергілікті жаңа типті коронавирус (Covid-19) вакцинасының аты  "TURKOVAC" болғанын  жариялаған еді.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Ерсин Татар Түркияны жергілікті жаңа типті  (Covid-19) вакцинасы "TURKOVAC"-қа орай құттықтады. 

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенттігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ерсин Татар президент Режеп Тайып Ердоған және Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаға телефон шалып, Эржиес Университеті тарапынан дамытылған жергілікті вакцина "TURKOVAC" үшін құттықтауын жеткізді. 

 



Ұқсас жаңалықтар