Түркияның халықаралық инвестиция стратегиясы

Ердоған «Түркия Халықаралық тікелей инвестиция стратегиясы құнды инвестицияларды елімізге тарту үшін жол картасы болады» деді.

1662609
Түркияның халықаралық инвестиция стратегиясы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Түркия Халықаралық тікелей инвестиция стратегиясы экономикамызға қажетті салаларда құнды инвестицияларды елімізге тарту үшін жол картасы болады» деді.

Ердоған Президенттік Инвестиция кеңсесі тарапынан жарияланған «2021-2023 Түркия Халықаралық тікелей инвестиция сратегиясына» баға берді. Ол Түркияның ауқымды өндіріс мүмкіндіктері, сапалы жұмыс күші,  стратегиялық тұғыры, заманауи логистикалық инфрақұрылымы және барлық мұқтаждыққа жауап беретін ынталандыру пакеттерімен халықаралық тікелей инвесторлар үшін маңызды тартымды орталық екенін атап көрсетті.

Ердоған Түркияның жылдам экономикалық өсімінің соңғы 19 жылда сатып алу күші артқан орта сыныптың ортаға шығуын қамдағанына назар аударып: «Әрқайсысы бір миллионнан асатын халық саны бар 24-тен астам қаламыз еліміздің жетілген ішкі нарығына қолдау береді.  Жас орташасы 32,7 болып табылатын жас және динамикалық халқымызбен көп ұлттық фирмалар үшін жергілікті инфрақұрылымын қамдаймыз. Еуропа Одағына мүше елдермен салыстырғанда ең жас тұрғыны бар ел Түркия сапалы инженер санында да әлем көлемінде жоғары орында орын алады» деді.

Президент Ердоған Түркияның 2003 жылдан бері шамамен 225 миллиард доллар халықаралық инвестиция тартқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар